Back

83 мың теңге. Карантинді бұзған қазақстандықтар дәл осынша айыппұл төлейді

Маминнің орынбасары Ералы Тоғжанов карантинді бұзған азаматтар айыппұл төлейтінін айтты деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бизнес өкілдері мен қарапайым халыққа үн қатқан вице-премьер карантин ережесін сақтамаған азаматтар әкімшілік жауапқа тартылып 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейтінін ескертіп өтті.

“Ал шағын және орта бизнес өкілдері айтқанға құлақ аспай, талапты бұзар болса 230 АЕК-тен бастап айыппұл төлейді. Тиісті қаулыны осы аптада қабылдаймыз”, – деді Тоғжанов.

Вице-премьер 5 шілдеден астап бірқатар өзгеріс енгізілерін, оның ішінде 3 адамнан артық серуендеуге тыйым салынатынын, қоғамдық көлік қозғалысы шектелетінін айтты.

Еске салайық елімізде 1 АЕК 2778 теңгені құрайды. 30 АЕК – 83 мың теңгеге тең. Ал 230 АЕК – 638 640 теңге.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанда 5 шілдеден бастап карантинді күшейту шаралары бекітілді