Back

Алматы облысында 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Алматы облысында қазіргі кезде «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 11 326 жұмыс орны құрылды, соның ішінде 5663 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы екі қолға бір жұмыс тапқан, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа тұрған 5663 адамның 30%-і немесе 1699 адам – жұмыссыздар қатарындағы жастар, 8,5% немесе 472 адам – аз қамтылғандар, 2,2% немесе 124 адам – мүгедектер.

Жалпы бүгінгі күні облыс бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 899 жоба жүзеге асырылуда, бұл жоспарланған 977 жобаның 92% құрайды.

Тағы оқыңыз:

Текелі қаласы. “Жұмыспен қамту бағдарламасы” аясында 13 жоба жүзеге асуда