Cоңғы жаңалықтар
Back

Өскеменде сенбіден бастап қозғалыс қайта шектеледі

Өскемен қаласының бас санитарлық дәрігері Михаил Дерябин 27 маусымнан 11 шілдеге дейін Өскемен қаласында қозғалыс қайтадан шектелетін мәлімдеді.

Өскемен қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжановтың айтуынша, бұл жолы қаланың шыға берістеріне ешқандай блокпосттар қойылмайды, дегенмен қала іші және саяжайлар аумағы қатаң патрульдік бақылауға алынбақ.

 – Өскемендіктер әдеттегідей жұп және тақ күндер карточкалары бойынша көшеге шыға алады. Карточкалар мен арнайы рұқсатнамаларды қайта алудың қажеті жоқ, барлығы базада тұр, – деді қалалық полиция басшылығы.

Азық-түлік сататын дүкендер 8-00 мен 20-00 аралығында жұмыс істейді. Азық-түлік сатпайтын сауда нысандарының жұмысы кешкі 17-00 ге дейін шектеледі. Парктердің барлығы жабылады.

Түнгі 22-00, таңғы 5-00 аралығында жаяу адам мен автомобиль қозғалысына толықтай тыйым салынады.

Ал өндірістік кәсіпорындар мен техникалық қызмет көрсету орындары өз жұмыстарын тоқтаусыз жалғастыра бермек.