Back

Алакөлдің шығыс жағалауы туристерді қарсы алуға әзір

Алакөлде 13 маусымнан бастап туристік маусым ашылды. 

 Алакөлдің Шығыс жағалауы туристерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қабылдауда.

Дегенмен демалыс бойынша ешқандай шектеу жоқ. Барлық көлік қатынасы тұрақты режимге көшкен. Алдын-ала билет сатып алу, демалыс үйлерін брондау жүргізілуде.

Биыл демалушылар мен демалыс базаларының басшыларына бірқатар талап қойылып отыр.

Көлге демалуға келетін әрбір отбасы коронавирустың теріс тест нәтижесін ұсынуы қажет (ПЦР, экспресс-тест, эхл). Тесті бір отбасыдан бір адам ғана тапсырады.  Демалушылар тесті алдын-ала тапсырып, бойында вирус жоқ екенін айқындайтын қорытынды қағазды өздерімен бірге әкелуі қажет.

Бұдан бөлек көлдің іргесіндегі Қабанбай ауылында туристер ауырып қалған жағдайда медициналық көмек көрсететін 12 орындық провизор ашылған.

Тәулік бойы қызмет көрсететін медициналық пункт дәрігерлері егер демалушылар өздерін жайсыз сезініп, дене қызуы көтерілсе қайта тестілеуден өткізіп, медициналық көмек көрсетуге әзір.

Соңғы жылдары Алакөлдің Шығыс бөлігі айтарлықтай өзгерді.

Әсіресе жағалауды абаттандыру жұмыс­тары қарқынды түрде жүргізілуде. Көл жағалауын абаттандыруға 2016 жыл­дан бері 6,2 млрд теңге қаражат жұмсалды.

– Алакөл еліміздің ең ірі демалыс орнына айналу керек. Туристік әлеуетін жоғарлату мақсатында ауқымды шараларды қолға алдық. Инвесторлар мен жеке кәсіпкерлер де бұл істен тыс қалмауда. Биыл індеттің өршуіне байланысты демалушыларды барлық санитарлық талаптарды сақтауға шақырып, қауіпсіздік шараларын ұйымдастырудамыз, – дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Бүгінгі таңда көл жағасында 175 демалыс үйі қызмет көрсетуде, сұраныстың артуына байланысты олардың саны да жыл сайын артып келеді.

Биыл жалпы аумағы 2,5 шақырымды құрайтын веложол мен 5 жаңа модульді сауда павильондарының құрылысы аяқ­талды