Cоңғы жаңалықтар
Back

Амандық Баталовтан коронавирус анықталды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өз-өзін оқшаулады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

“Өкінішке қарай, әкімнің COVID-19 бойынша тапсырған соңғы ПТР тест нәтижесі жағымсыз болып шықты, бірақ ол аурудың симпомдары білінбейтін түрі.

Қазір Амандық Баталов өз-өзін оқшаулап, емделіп жатыр, жұмысын қашықтан жалғастыра беретін болады”, – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы.