Back

Алматы облысындағы мектептердің 84%-ы WI-FI-ға қосылған

Алматы облысының білім беру жүйесін цифрландыру тұрақты түрде жүргізілуде. 2020 жылы білім нысандарын интернетке WiFi технологиясы арқылы қосу үшін жергілікті бюджеттен 156 мектепке 454 млн теңге бөлінсе, интернеттің жылдамдығын арттыру үшін 522 млн.теңге бөлінді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысы Білім басқармасының хабарлауынша, өңірдегі 760 мектептің барлығы интернет желісіне қосылған.

«Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету» республикалық жобасы аясында 2020 жылы жоғары жылдамдықты интернетке 77 мектеп қосылды.

Сонымен бүгінгі таңда 527 (69,3%) мектеп оптикалық-талшықты, мыс кабелге (4 Мбит/с және одан жоғары) қосылса, 233 (30,6%) мектеп спутниктік байланыс (4 Мбит/с және одан төмен) арқылы  ғаламторды пайдаланып отыр.

Аудан орталықтары мен қалалардың барлық мектептері жоғары жылдамдықты (4-10 мб/с) интернетпен толық қамтылған. 483 мектеп немесе 63,5% Wi-Fi технологиясы арқылы интернетке сымсыз қосыла алады (2018 жылы – 41%). 2020 жылы жергілікті бюджеттен 156 мектепке 454 млн теңге бөлінді. 2020 жылдың соңында Wi-Fi технологиясы негізінде интернетке қосылған мектеп саны 639 немесе 84% болады.

Ал компьютерлік техникамен жабдықталу бойынша мектептердегі 50453 компьютердің 39903-і, яғни 79%-і ауыл мектептеріне тиесілі. Ақпараттандыру бағдарламасы бойынша 2019 жылы 1639 компьютер сатып алу үшін 376,9 млн теңге бөлінді, ал биыл 1802 компьютер сатып алынды.

Оған қоса 2020 жылы 1155 мұғалімді компьютермен жабдықтауға 311,8 млн теңге бөлінді. 2021 жылға жоспар 67,4%.

«Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне бүгінгі таңда облыстағы 704 білім беру ұйымы қосылған, ал «BilimLand» білім беру платформасына қосылу 100% құрайды. Сол сияқты 2019 жылдың қыркүйегінен бастап барлық мемлекеттік колледждерде Платонус жүйесі енгізілді. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 52,5 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 34 колледж «Platonus білім беру процессін автоматтандыру» жүйесін пайдаланады.

«Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалымен облыстық білім басқармасының арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйке қабылданған шаралардың нәтижесінде 2021 жылдың басында IT-сыныптардың жалпы саны119-ға жетеді.

Тағы оқыңыз:

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» Қайнар ауылының ажарын кіргізді