Cоңғы жаңалықтар
Back

ШҚО-да парасаттылық қағидаттары насихатталды

«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байдилдин, ШҚО өңірлік ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы А. К. Есімбекова «ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті жанындағы өңірлік ақпараттық-ағартушылық штабтың қызметін ұйымдастыру» тақырыбында тікелей эфирде онлайн кеңес өткізді. Кеңеске облыстық мәслихаттың депутаты, РИПШ мүшесі О.В.Чернышев, қалалық және аудандық штабтардың басшылары мен мүшелері, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.

Кеңес барысында ШҚО өңірлік ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы А. К. Есімбекова жоба аясында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп, оң нәтижелерді атап өтті, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттермен таныстырды.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин өңірлік ақпараттық-ағартушылық штабтың негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.

– Ақпараттық-ағартушылық штабтың міндеті халық арасында, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады, – деп атап өтті Ж.Байділдин.

Сондай-ақ, ол жоба аясындағы, әсіресе ТЖ режимі кезіндегі белсенді жұмысы үшін өңірлік ақпараттық-ағартушылық штабтың басшысы Арайлым Есімбековаға, штаб мүшелері Ермек қажы Тасболатұлына, Олег Чернышовқа алғысын білдірді.

– Ел үшін қиын кезеңде штаб мүшелері өзекті мәселелер бойынша тұрғындар арасында белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, келіп түскен барлық хабарламаларға дер кезінде жауап беріп отырды. Олар сондай-ақ білім беру мекемелерінде «парасаттылық сағатын» өткізуге белсенді қатысты, – деді ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары.

Кеңес соңында өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб жұмысын одан әрі жандандыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және парасаттылық қағидаттарын түсіндіру бойынша әртүрлі форматты іс-шаралар өткізу, адалдық, әділдік, парасаттылық сияқты жалпыадамзаттық қасиеттерді насихаттауда діни бірлестіктердің әлеуетін кеңінен пайдалану ұсынылды.

Тағы оқыңыз:

 

Ахметов мемсатулардың әділ өтуін қадағалайтын жұмыс тобын құрды