Back

Қазақстанда Қырым сценариі қайталануы мүмкін бе? – Тоқаев жауап берді

Президент Тоқаев ресейлік “Комсомольская правда” басылымының “Қазақстанда Қырым сценариі қайталануы мүмкін бе?” деген сауалына жауап берді деп хабарлайды Dalanews.

Мемлекет басшысының айтуынша мұның бәрі арандату және бұлай ойлауға еш негіз жоқ.

“Бұл кейбір сарапшысымақтардың сандырағы деп біліңіз. Мұның астарында Қазақстанда саяси тұрақсыздық туғызу, одақтас елдермен араға от салу пиғылы жатыр”, – деді Тоқаев.

Бұдан бөлек ел Ресейді алаңдатып отырған латын әліпбиі туралы пікір білдірді.

“Латынға асықпай, баппен көшеміз. Бұған еліміздің Тұңғыш президенті бастамашы болды. Назарбаев “латынға ауысу елдегі орыс тілінің ахуалына әсер етпейтінін” әлденеше рет айтқан.

Әліпби ауыстыру қазақ тілінің көсегесін көгертудегі маңызды қадам. Әлбетте асығып-аптығудың қажеті жоқ. Қазақстан латынға кезең-кезеңімен өтетін болады”, – деді Президент.

Тағы оқыңыз:

Тоқаев: “Қазақстандағы орыстар? Олар шетқақпай көріп отырған жоқ”

Тоқаев: “Қазақстан Путин мен Лукашенконың одағына қосылмайды”