Back

“Жұмыстан шығып кеткенін білмеппін…”. Мас жүргізушінің әкесі мәлімдеме жасады

Екі полиция қызметкерін өлтірді деп күдікке ілінген көлік жүргізушінің әкесі мәлімдеме жасады. Ол ұлының жұмыстан шығып қалғаны туралы білмегенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Әлеуметтік желіде бұрынғы полиция қызметкерінің әкесінің видеосы жарияланды. Талғат Мұқашев қаза болғандардың туыстарына тағы бір рет көңіл айтып, ұлы үшін кешірім сұрады.

“Сіздерден кешірім сұраймын. Мен ұлымның коронавирус жағдайына байланысты артқан жүктемені көтере алмай өз еркімен жұмыстан кеткенін білмеппін. Егер бұл туралы білгенде кеше олай деп айтпас едім. Мен жаңа ғана оның шыдай алмай, жұмыстан кетіп қалғанын білдім. Білмеймін, мүмкін ол маған мұны айтудан қорыққан шығар. Өйткені мен оны қатал әкемін. Дегенмен әркім қателікке бой алдыра алады. Менің балам да қателесті, мүмкін мен оны нашар тәрбиелеген шығармын. Балам, негізі жаман адам емес. Өмірде кез-келген нәрсе болуы мүмкін. Халқым, сіздерден кешірім сұраймын. Енді айыптауды доғарсаңыздар, сіздерде де бала бар шығар, сіздер де ата-ана шығарсыздар…”, – деді ол.

Күдіктінің адвокаты да мәлімдеме жасады. Ол да Азат Азаматовтың туыстарын мазаламауды өтінді.

“Әкесімен сөйлесу кезінде ол кісінің де полицияда жұмыс істегенін білдім, бірақ оны сөз қылудың еш қажеті жоқ. Сондықтан қосымша ақпарат іздеп, оның туыстарын мазалауды доғаруды сұраймын. Оның кінәсін тек сот қана анықтайды. Барлық алып-қашпа сөз бен дүдамал болжамдағы пікірталастарды тоқтатуларыңызды сұраймын”, – деді адвокат Марат Сұлтанбеков.

25 мамырда Алматы облысында 1992 жылғы мас жүргізуші блок-бекетті ойрандады. Екі полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Үшіншісі ауруханада жан сақтау бөлімінде жатыр.

Полиция мас жүргізушінің осыған дейін органда қызмет еткенін, бірақ өз міндеттерін орындамағаны үшін жұмыстан шығарылғанын айтты. Алайда оның әкесі журналистерге берген сұхбатында ұлының апатқа дейін полицияда жұмыс істегенін айтты. Зардап шеккендердің бірінің әйелі де күдіктінің полицияда істегенін айтып желіде жазба жариялады, бірақ оның қайын атасы бұл ақпаратты келіні жазбағанын айтты.

View this post on Instagram

Отец виновного в ДТП на блокпосту в Алматы Талгат Мукашев слезно просит прощения у пострадавших и у всего народа. Он считает, что авария – трагическая случайность. Его сын, Азат Азаматов, не мог специально наехать на своих коллег, считает отец. ⠀ По словам отца, он не знал, что сын сам уволился из органов. Так утверждают в полиции сегодня. Отец об этом не знал, ему сообщили только на днях. ⠀ Отметим, что ранее Талгат Мукашев утверждал, что сын работал в полиции вплоть до аварии и даже получил повышение. ⠀ Напомним, ДТП произошло 25 мая рано утром на одном из блокпостов в Алматы. Погибли два стража порядка. Один находится в реанимации. ⠀ Видео:@rezonans_almaty

A post shared by ZTB QAZAQSTAN (@ztb_kz) on

Тағы оқыңыз:

ШҚО: Алакөл жағалауы туристерді қабылдауға дайын

Мұрсал-Нәби Тұяқбаев: «Қазақ тілінің дипломатиядағы беделі – күреспен келетін іс»