Cоңғы жаңалықтар
Back

Жас ғалымдарды қолдауға 3 млрд теңге бөлінеді

Бүгін ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті жиынында алдағы үш жылда жас ғалымдарды қолдауға қомақты қаржы бөлінетінін айтты, –  деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы еліміздегі ғылымға қатысты өз ойын ашып айтты.

– Біздің ғылыми инфрақұрылым еліміздің алдында тұрған ауқымды міндеттерді шешуге әлі қауқарсыз. Мұны ашық мойындау керек. Ғылым кадрларын даярлау үшін, ең алдымен, оларға жағдай жасау керек. Сондықтан жыл сайын кемінде 100 ғалымның әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуіне қаржы бөлген жөн. Жетекші ғылыми орталықтарымызға докторантурадан кейінгі ізденіс үшін арнаулы мемлекеттік тапсырыс беру қажет, – деді деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алдағы уаытта докторантураға бөлінетін гранттардың құнын артатын болады. Өйткені докторанттардың көбі – отбасылы азаматтар. Олар ғылыммен айналысқан кезеңде негізінен стипендиямен күн көретіні жасырын емес.

Жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды. Осы ретте Мемлекет басшысы докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет екенін алға тартты.

Сонымен қатар Елбасының жас ғалымдар үшін жыл сайын грант бөлу жөніндегі бастамасын жалғастыруды тапсырды. Оның алдағы 3 жылға арналған жалпы құны 3 миллиард теңге болады.

Тағы оқыңыз:

 

Тоқаев: «Бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алу қажет емес»