Cоңғы жаңалықтар
Back

Тоқаев: “Дәрігерлер? Олар 500 мың теңге айлық алуы керек”

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлердің жалақысын көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

“Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемнің денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды. Бұл індет біздің елімізде кәсіби дәрігерлердің жетіспейтіндігін анықтады. Бұл – жалақының төмендігі, осы кәсіптің беделінің төмендігі және дәрігерлер құқықтарының сақталмауы”, – деді Мемлекет басшысы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінде.

Президент биылғы жылы дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен өсіруді қолға алуды тапсырды.

“Олардың жалақысы біздің экономикамыздағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болуы керек. Біз бұл көрсеткіштерді 2023 жылға дейін игеріп аяқтауымыз керек”, – деді Тоқаев.

Премьер Маминнің мәліметінше 2020 жылдың қаңтарына сай Қазақстандағы орташа жалағы 197 мың теңгені құрайды.

Тағы оқыңыз:

Байдың балаларына грант беруге тыйым салынсын – Ұлттық кеңес мүшесі