Cоңғы жаңалықтар
Back

Бақауовқа үкім шықты

Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов үш жарым жылға шартты түрде сотталды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

– Бақауовты үш жыл алты айға бас еркіндігінен айыру және мемлекеттік қызметпен айналысуына біржолата тыйым салу туралы шешім шығарамын, – деді Павлодар қаласы № 2 қылмыстық сотының судьясы Нұрлан Қайырбеков.

Бұдан бөлек жазасын толық өтеп шыққанған дейін Бақауов жылына 100 сағат көлемінде мәжбүрлі түрде қоғамдық жұмысқа тартылады.

Экс-әкімнің екі бірдей мемнаградасы бар: бірі “Ерен еңбегі үшін” медалі, енді бірі “Құрмет” ордені. Сот шешімімен Бақауов орден-медалінен айырылды.

Сот үкімі Бақауов қамауға алынған 2020 жылдың 18 ақпанынан бастап күшіне енеді. Осыған дейін Павлодар облысы ҰҚК департаментінде сақтаулы жатқан Бақауовқа тиесілі 10 мың доллар және телефон сим-картасы иесіне қайтарылып берілді.

Сот үкімі оған ойын-сауық орындарына бармауға, тұрғылықты жерінен шықпауға, пробация қызметіне келуге тыйым салды.

Экс-әкімнің мүлкі тәркіленбейтін болды. Бақауов сот-сараптама жұмысына жұмсалған шығыннан бөлек, зардап шеккендерге өтемақы ретінде 20 АЕК төлеуге міндеттелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде экс-әкім кінәсін мойындады, келтірілген шығын толық өтелді.

Болат Бақауов биылғы жылдың 15 қаңтарында қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қамауға алынған.

Тағы оқыңыз:

Бас прокуратура Бақауов ісіне қатысты түсінік берді