Cоңғы жаңалықтар
Back

Маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін

Алматыда карантин талаптарын бұзып, маскасыз жүрген азаматтарға айыппұл салынуы мүмкін деп хабарлайды Dalanews.kz. 

“Алматы тұрғындары маска киюге міндетті. Індетті ауыздықтап, карантинді тоқтату үшін осы талапты сақтау қажет.

Осы себепті аудан әкімдіктері, полиция департаментінің қызметкерлеріне тиісті тапсырма бердік. Олар маскасыз жүрген азаматтарға ескерту жасап, карантин талаптарын сақтауды сұрайды. Кешеден бері бұл жұмыс қызу жүріп жатыр. Маскасыз жүрген 400-ге тарта азаматқа ескерту жасалды”, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов.

Ол әкімдіктің әзірге ескертумен ғана шектеліп отырғанын айтты. Бұған құлақ аспаған азаматтарға айыппұл салуға тура келеді.

“Барлығы қазіргі қалыптасқан ахуалдың қалай құбыларына байланысты. Індет асқынып, ал маскасыз жүрген азаматтардың саны арта түссе, тиісінше шара қабылдаймыз. Мұның ішінде айыппұл салу және басқа да әкімшілік жауапкершілік түрлері бар”, – деді Сағынтаевтың орынбасары.

Тағы оқыңыз:

Ұзынағаштық ісмер аяқ киім өндірісін жолға қойды