Cоңғы жаңалықтар
Back

Абақтыда отырғандар да 42 500 теңгеге өтініш берген

Түрмеде отырғандар да 42 500 теңгеге өтінім берген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz ҚазАқпаратқа сілтеп.

«Еңбек министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы өтініш берушілердің мәліметтерін тексеру кезінде жеке кәсіпкерлер мен қызметкерлердің жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмеу жағдайлары анықталды. Осыған байланысты оларға әлеуметтік төлемдер төлеуден бас тартылды», – деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, төлемді тағайындамау зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың болмауына, төтенше жағдай кезінде зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың өсуіне, жеке кәсіпкерлердің кірісті жоғалтқанын растамауына, бірнеше кірістің болуына, өтініште көрсетілген жұмыс беруші зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеушіге сәйкес келмеуіне байланысты болды.

Сонымен қатар, жұмыссыздық мәртебесі бола тұра өтініш бергендер де бар.

Мұнан бөлек, қайтыс болған адамдардың, шетелге шығып кеткен адамдардың, қамауда отырған адамдардың атынан өтініштер, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген мемлекеттік сектордың, квазимемлекеттік сектордың, екінші деңгейлі банктердің және басқа кәсіпорындардың қызметкерлерінің өтініштері, белсенді зейнетақы және жәрдемақы алушылардың өтініштері де түскен.

Бұл азаматтарға да әлеуметтік төлем берілген жоқ.