Back

Асқар Мамин “Қарағайлы” ықшам ауданында болды

Ауданның жалпы көлемі – 203 га. Тұрғын үй қоры 787,7 мың м2 құрайды. Бүгінгі күні шағын ауданда 25 000-нан астам адам тұрады. 720 оқушыға арналған физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі салынды.

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында 320 орындық балабақша салынды. Құны-872,198 млн. теңге.
Қарағайлы шағын ауданында бүгінгі күні жалпы ауданы 111,965 мың ш. м. 20 үй пайдалануға берілді.

2019 жылы жалпы ауданы 95,883 мың шаршы метр 1269 пәтер болатын 18 үйдің құрылысы басталды.

Асқар Мамин шағын ауданда салынып жатқан сегіз үйдің құрылыс барысымен танысты. Сондай-ақ, мұнда үш мектеп, алты балабақша, мұз модулінің және оңалту орталығының құрылысы қарастырылған.

Премьер-министр Қарағайлы шағын ауданындағы бірегей спорт кешенінде болып, бұл қазақстандықтардың бос уақытын тиімді өткізуге қажетті нысандар екенін атап өтті.

Спорт кешенінің құрылысы 2017 жылы басталды. Ауқымды мәдени-спорттық шараларды өткізу жоспарланған үлкен зал бес мың орынға есептелген. Қасбетті қаптау “желдетілетін қасбеттің”принципі бойынша алюминий панельдерімен орындалған.

Барлық халықаралық стандарттар бойынша салынған кешен спорттың әр түрі бойынша жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Бассейн турнирлер, жүзу, аквааэробика, су добы және суға секіру, халықтың сауықтыру жүзуіне арналған. Спорт ғимаратының жалпы ауданы 33,8 мың шаршы метрді құрайды. Ірі кешеннің құрылысын отандық компания “Фирма Азия”ЖШС жүзеге асырды.

Жобаның жалпы құны 26 миллиард теңге.

Үкімет басшысы Семей қаласында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шараларға алыс және жақын шетелдерден келген қонақтар көп болатынын атап өтті. Сондықтан мерейтойлық шараларды лайықты деңгейде өткізу қажет.