Back

Министр Нұрымбетов: “42 500 теңгеге өтініш қабылдауды тоқтаттық”

 42 500 теңгеге өтініш қабылдау тоқтатылды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

“Иә, дәп солай. 11 мамырдан бастап 42 500-ге өтініш қабылдауды доғардық.

Алайда мамырдың 11-іне дейінгі аралықта өтініш жіберген азаматтардың құжатын Еңбек министрлігі қарастырып шығады.

Егер бәрі дұрыс болса, оларға 42 500 төленеді”, – деді Нұрымбетов.

Министрдің мәліметінше осы күнге дейін төлемді 4,5 млн адам алып үлгерген.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында адам өмірін құтқарып қалған полицей марапатталды

Вице-премьер: “Қала маңында тұратындар Алматы мен Нұр-Сұлтанға жұмысқа бара алады”