Back

Жолаушылар пойызының жүруіне әлі рұқсат берілмейді

Сондай-ақ, ішкі рейстерге КВИ талдауын талап ету қолжетімділігі туралы қоғамдық талқылау есепке алынып, бүгінгі таңда бұл талап алынып тасталды.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздегі төтенше режимнің жойылуына байланысты Қазақстанның кейбір қалалары арасында әуе қатынастарының қалыпқа келтірілуі мен пойыздардың жүре бастауы мүмкіндігіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Семей, Қызылорда және Петропавл қалалары арасында рейстер қалпына келтірілгені белгілі. Бүгіннен бастап Президенттің шешіміне сәйкес, еліміздің 7 қаласымен (Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз, Талдықорған) әуе қатынасы қайта жанданды. Қазіргі уақытта теміржол көлігінің қатынауына рұқсат жоқ, – деді Тоғжанов.

Сондай-ақ, ішкі рейстерге КВИ талдауын талап ету қолжетімділігі туралы қоғамдық талқылау есепке алынып, бүгінгі таңда бұл талап алынып тасталды. Оның үстінде елімізде кең ауқымды скрининг жүргізіліп жатып, бүгіндері республикамызда коронавирусқа байланысты 400 мыңға жуық тестілеу жүргізілді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл жағдайдың объективті жағдайын анықтауға және қазақстандықтарды емдеу үшін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік берді.

Ұшу кезіндегі санитарлық бақылау бұрынғыдай сақталады: жолаушылардың температурасын өлшеу, ұшаққа отыру және түсу кезіндегі әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде кию, – деп түсіндірді вице-премьер.