Back

Онлайн оқу тиімді

Бүгінгі күні  әлемді жаулап бара жатқан қатерлі індет біздің елімізді де айналып өтпеді. Одан қорғанудың басты жолы –карантин талабына бағынып, оқшаулану. Бұл жағдайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің алдын алып, аурудың кең тарап кетпеуі үшін еліміз бойынша дер кезінде төтенше жағдай енгізіп, карантин жариялады.

Қазіргі уақытта еліміздегі барлық жалпы білім беру мектептері карантин шарасына байланысты қашықтан білім беру әдісіне  көшті. Осы орайда ұстаздар қауымының жауапкершілігі артып, олар өз істерінде жаңа заманның жаңа ақпараттық технологияларын толыққанды пайдалана бастады. Бұған қоса «Балапан телеарнасынан» барлық сыныптарға арналған сабақтар онлайн түрінде эфирден берілуде.

Біздің  мектепте ортақ талаптар негізінде қашықтықтан білім беру әдісіне көшті.  Атап айтатын болсам, бұл Түрксіб ауданындағы №84 жалпы білім беретін мектеп.  Бұл жерде мектебіміздің алғашқы қадамы оқушылардың интернетпен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілуін аңықтадық.  Дер кезінде жүргізілген Қазақстанды цифрландыру бағдарламасының нәтижесінде оқушылар интернетпен 100 пайыз қамтылған, бірақ  жағдайы төмен біраз отбасыларында техникалық құрылғылардың жетіспеушілігі анықталды. Көмекке мұқтаж отбасындағыларға мектеп тарапынан компьютерлер және ноутбуктар берілді. Мектебімізде ұстаздарымыздың оқушыларға сабақты түсіндіріп дер кезінде тапсырма беріп, оқушылардың тапсырмаларын  кезінде орындалуы  қадағалынуда,мұғалімдер және әкімшілік тарапынан. Ең бастысы біздің ұстаздар үшін баланың сабаққа қатысуы, себебі оқушы сабаққа қатысса кері байланыс міндетті түрде болады. Мектебіміздің ұстаздары еш баланы көзден тыс қалдырмайды. Білім беру ол ұстаздардың міндетті , қашықтықтан білім береді ма, жоқ ғимаратта отырып білім береді ма. Қазіргі таңда мектеп-мұғалім, оқушы тығыз байланыста жұмыс атқаруда. Әрине балалар мектепте оқығанды жақсы көреді, бірақ оларда елде болып жаткан жағдайды түсініп білім алуда. Оқушыларымызда,ата-аналарымызда өздерінің білімділігін,мәдениеттігін көрсетуде.

Осы кезде Министрлік тарапынан дер кезінде қолға алынған шаралар теледидардан онлайн сабақтар өткізу оқушылар жане ата-аналар үшін үлкен көмек болып жатыр. Ұстаздар жан-жақты оқушыларға қашықтықтан білім алуға комек корсетіп, түсіндіріп, сабақ беруде.Ұстаздар үшінде,оқушылар үшінде бұл жаңа білім беру  платформасы, дегенмен қазіргі таңда білімді адамдар баріне дайын болу керек деп ойлаймын.  Обастанда ұстаздар Daryn.online,  Bilimland.kz сабақтарда қолданып жургендіктен бұл платформа айтарлықтай қатты қиындық туғызған жоқ  деп есептеймін, себебі мұғалімдер , біліктілігін жоғарлату курстарынан өткен.  Оқушыларымызда жаңа білім платформасын жақсы қарсы алды деп есептеймін, себебі шәкіртеріміз сабаққа белсенді, қызығушылықпен қатысады. Бастапқы кезде қиындық туғыза ма деген ой болды,  бірақ ол бос үрей болды,  себебі қазіргі оқушылар IT- технология құралдарын оңай игереді.

Бұл ретте оқушыларды білім алудан қол үзбес үшін тиісті шаралар қабылдап, қажетті қондырғылармен жабдықтап, телеарналардан онлайн сабақтар ұйымдастырып отырған Ел Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Білім министрлігіне алғыс айтамыз.

 

Райхан ЖҰМАБЕКОВА, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №84 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі