Cоңғы жаңалықтар
Back

Қаскелең емханасынан инфекция жұқтырған адам жазылып шықты

Бүгін Қарасай ауданындағы Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасынан короновирус диагнозы бойынша ем қабылдаған бір адам толық емделіп шықты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

1979 жылы туған әйел 27 наурыз күні аурухана түскен болатын. Хаттамаға сәйкес барлық ем-дом шараларын қабылдағаннан кейін, оған 13 сәуір күні екінші қайтара жасалған талдау нәтижесі теріс болып шықты.

Емделуші Ресейдің Санкт-Петербор қаласынан келген. Пациент 6 адаммен қарым-қатынаста болған. Олардың барлығы дәрігерлер бақылауында болды.

Еске салсақ, 14 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы облысында Covid19 инфекциясынан осымен екі адам емделіп шықты. Олардың екеуі де – Қарасай ауданының тұрғындары.

Тағы оқыңыз:

 

Жетісуда коммуналдық қызмет тарифтері төмендетілді