Cоңғы жаңалықтар
Back

Алматы облысының тұрғыны коронавирустан емделіп шықты

Алматы облысында коронавирус диагнозымен тіркелген алғашқы емделуші ауруханадан шықты.

20 наурыз күні коронавирус диагнозымен түскен азамат Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында толық ем алып, кеше үйіне шығарылды. Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылының тұрғыны 1985 жылы туған азамат 17 наурыз күні Меккеден Түркия мен Қырғызстан елдері арқылы Алматыға келген. Емделушіге 08.04.2020 ж. жасалынған қайта талдау нәтижесі теріс екенін көрсетті.

Пациентпен қарым-қатынас жасаған 2 азамат пен олардың отбасы шұғыл оқшауланып, дәрігерлер бақылауына алынған. Талдау қорытындысы теріс болып шықты.

10 сәуірдегі жағдай бойынша Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында коронавирус диагнозы анықталған 7 адам ем қабылдап жатыр. Денсаулықтары қанағаттанарлық. Дене қызуы бірқалыпты. Шағымдары жоқ.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы оқыңыз:

Жетісуда 1448 медицина қызметкері үстемақы алды