Back

Umay Boost жобасының түлектері карантин кезінде қалай әрекет етуде

Коронавирус індеті әлемде бүтін бір салаларды, сонымен қатар компаниялар мен тұтынушылардың мінез-құлқына өзгеріс жасағаны белгілі. Қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режим мен онлайн-шопингке көшу алдағы уақытта ұзақ мерзімді трендке айналуы мүмкін.

Қазір еліміздегі бизнес қысылтаяң шақты басынан өткеруде. Кәсіпкерлер нарықтағы орындарын сақтап қалуы, жаңа бағыттарға бейімделуі және қызметкерлерін қолдауға күш салуда. Нарықтағы өзгерістердің алғышарттарының пайда болғанына біршама уақыт болды, оның трендтерін бизнестегі көшбасшы-әйелдерге арналған Umay Boost оқу жобасына қатысушылары оқу бағдарламасын жан-жақты зерттеп, кәсіпкерлерді өзгермелі жағдайға барынша дайындауға күш салуда. Umay Boost жобасы (сайт http://boost.umay.be/) Қазақстанда Chevron (Шеврон) компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі.

Біз жұмысты тоқтатпаймыз

Назгүл ТҰРСЫНАЛИНА, Umay Boost жобасы алғашқы ағымының түлегі, «NOMAD GPS» ЖШС-ның директоры:

– Төтенше жағдай кезіндегі жағдайға қатысты АВС жоспары жасалды. А жоспары – жалақыны 100% сақтай отырып, 20 наурыздан бастап қашықтан жұмыс істеу режиміне көштік. Қашықтан жұмыс істеуге көшу үдерісі біз үшін аса қиын болған жоқ. Өйткені бұл формат компанияда көптен бері қолданылып келеді. Қазақстанда ғана емес шетелдегі мамандармен жұмыс аутсорсингте жүргізілуде. Қызметкерлер жұмыс ноутбуктерімен, интернет трафикпен және ұялы байланыспен қамтылған, көптеген бағдарламалық жүйелері алдын ала бапталып, кейбір ішкі жүйелерде бөтен тасымалдағыштардың қашықтан жұмыс істеуі үшін VPN-ді баптау ғана қалған.

Наурыздың ортасында карантинге байланысты, азық-түлік сатып алуы үшін барлық қызметкерге кесімді еңбек ақысының 50%-ы көлемінде аванс төлеу туралы шешім қаблыданған болатын.

Бұл жерде нәзік жандылардың түйсігі іске қосылды десе де болады (қызметкерлерге карантин кезінде үйге азық-түлік алу керек қой, оның үстіне сыртқы факторларға байланысты күтпеген форс-мажор жағдайынан жалақының уақытын созып алсақ қалай болады деп, алдын ала қамдандық. Егер қызметтерімізге деген сұраныс шамамен 30-40%-ға төмендесе, В жоспарын іске қосу керек болады, яғни қызметкерлердің біразын кезегімен ақылы еңбек демалысына шығаруға тура келеді.

Егер 3 ай ішінде жағдай төмендеп, қызметтерге деген сұраныс 60-70%-дан аса құласа, соған қарай ақша қаражатының түсімі қысқарады да, С жоспарын қолдануға мәжбүр боламыз, яғни қызметкерлер ақысыз демалысқа шығады, бірақ жұмыстан шықпайды. Сонымен қатар, штаттағы қызметкерлерден бөлек, азаматтық-құқықтық шартпен жұмыс істейтін жұмыскерлер де бар, олар әзірге жұмыстарын штатты режимде жалғастыруда, әзірге жұмыс көлемі бар.

Қазіргі жағдайдың артықшылықтары:

  1. Өнімімізді (мониторинг жүйесін) дамытуға көбірек уақыт бөлінді, біз жұмысты тоқтатпаймыз, керісінше, енді бұған бұрынғыдан да көп көңіл бөлеміз.
  2. Кадр резервін құрамыз. Мамандарды іздеуді жалғастырамыз, қазір еңбек нарығында үміткерлер саны артты. Карантин кезінде жаңа қызметкерлерді онлайн тағылымдамадан өткізіп, оқыта аламыз және кейін жұмысқа орналастырамыз.
  3. Компаниядағы «жұлдыздар» жұмысын бағалайтын болды.
  4. Серіктестердің, қызметкерлер мен клиенттердің және менің жүйке жүйемнің мықтылығы тексеріледі.
  5. Бизнес-үдерістер оңтайландырылады, аса «тар ауыздарды» нығайтуға уақыт үнемі жете бермейді.
  6. Бізде 1 клиент болса да, мониторинг сервисі жұмысын тоқтатпайды және 24/7 режимінде қызмет көрсетіледі.
  7. Біз клиенттеріміздің де жағдайын түсінеміз және ТЖ кезінде қызметтердің ай сайынғы абоненттік төлемін уақытша кейінге шегере аламыз, ол үшін біздің техникалық қолдау қызметке өтініш жазу керек.
  8. Салықтарды, жалдау ақысын және еңбекақы мен басқа да міндетті төлемдерді жоспарлағанымыздай, уақытында әрі 100% төлеп отырмыз. 2019 жылдың жылдық есебін де уақытында тапсырдық. Қарыз жинағымыз келмейді.

Жұмыс уақытында белгілі бір әлеуметтік капитал жинап алдым және жалдау, жабдықтарды жеткізу және басқа да қызметтер мәселелері бойынша міндеттемелерді шегеру қажет болса, жағдайымды түсінетін серіктестерім бар, бұл тұрғыдан менің жолым болды.

Егер осы тізбек үзілмесе және барлығы қолынан келгенінше бір-біріне көмектесуге тырысса, осы экономикалық дағдарыстан да мейлінше аз шығынмен шығамыз. Ең бастысы – жақындарымыздың саулығы мен есендігі, ал қиындықтарды келген кезінде көтеріп аламыз. Егер тағдыр саған лимон берсе, одан лимонад жасап ал деген ұстанымды құптаймыз.

 

Карантин кезінде жұртты сергіткенімізге бақыттымыз

Камиля СЕРІКОВА, Umay Boost жобасы екінші ағымының түлегі, Қазақстандағы «Tchibo» неміс франшизасы дүкені мен кофеханасының қосымша құрылтайшысы:

– 10 наурыздан бастап ССО-ға келушілер саны күрт азайды және бұл біздің бизнеске қатты әсер етті. Барлық түбіртек «Меганың» қызмткерлерінен ғана болды. Ең маңызды фактор – жалдау ақысы доллар бағамына, ал сатып алатын дүниелеріміз еуроға тәуелді болды, себебі біз тауарды Германиядан аламыз. Сондықтан валюта бағамының бірден өзгеруі біздің бизнеске қатты әсер еткені жасырын емес.

ТЖ жариялап, ССО-ны жапқан кезде 17 сәуірге дейін жұмыс істемейміз деп шештік. Бұл үзіліс – түгелдеумен, шарттармен, үдерістерді жолға қоюмен, жалпы айтқанда осыған дейін мүмкіндік болмаған барлық нәрсемен айналысуға тамаша уақыт.

16 наурызда Қазақстан қалаларында өнімдерімізді жеткізетінімізді жарияладық. Адамдар бізді қолдап, дәнді, ұнтақ кофеге, құтылы кофемашиналарға тапсырыс ресімдей бастады және бір-біріне белсенді ұсынды.

Кофехананың жабылып, қашықтан жұмыс істеуге көшуіне байланысты, адамдар өздерін таңертең хош иісті сергіткіш сусынмен қуанту үшін кофені үйлеріне қуана алдырды. Ал біз ұлтымызды осы бір ауыр кезеңде сапалы кофемен сергіткенімізге бақыттымыз.

 

Шекарамызды кеңейтіп, айналамызды күшейтіп жатырмыз

 

Лейла ШАКЕНОВА, Umay Boost жобасы үшінші ағымының қатысушысы, «Жәрдем» медицина орталығының директоры:

– ТЖ-ға байланысты медицина орталығын жабуға мәжбүр болдық. Менің ойым – жұмыс орындарын сақтау. Шектеу шаралары басталған кезде, орталықтардың бірін жөндеп үлгердік.

Жаңа жағдай мінез-құлықтың жаңа желісіне көндіріп отыр, бизнестің қай тарапқа қарай дамитыны тек жетекшіге байланысты. Осы бірнеше күн мені бизнестің жаңа басталған кезіне алып келді.

Біз көмек көрсету үшін және әріптестерімізді қолдау үшін, 12 маманнан онлайн-кеңес құрдық. Науқастарды, достарды рухани қолдау үшін әр елдегі пайдалы адамдармен тікелей эфир жобасын аштық.

Шекарамызды кеңейтіп, айналамызды күшейтіп жатырмыз. Енді даурығу, қорқу және күйзеліс кезінде «Жәрдем» медицина орталығынан тегін психологиялық көмек көрсететін жедел желіні дайындадық. Біз – дәрігерлер бейтарап күйде тыныш отыра алмаймыз.