Back

Өскемен мен Семейдегі шектеуге тұрғындар түсіністікпен қарауда

Өскемен мен Семейде шектеу шаралары күшейтілді. Бүгінде қала тұрғындарының жеке көлікпен жүруіне шектеу қойылған, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.  

Құзырлы орындар қала тұрғындарының жеке көлікпен жүруне 6 сәуірден бастап рұқсат беруі мүмкін. Қазіргі таңда қос қаланың тұрғындары елдің қауіпсіздігі үшін қабылданған шараларға түсіністікпен қарағанын айта кетуіміз керек.

Өскемен мен Семейдің тұрғындары өздеріне артылған жауапкершілік міндетін бір кісідей түсініп, коронавирус инфециясының таралмауы үшін өздерін барынша оқшаулап, шектеу шараларына барынша мойын ұсынуда.

Қазіргі таңда қала көшелерінде бейсауыт жүрген адамды мүлде кездестірмейсіз. Халық дүкен мен дәріханадан азық-түлік пен дәрі алуға және банк қызметін пайдалану үшін ғана сыртқа шығып жүр. Тұрғындар мұндай қажеттілік үшін сыртқа шыққанда үй маңайынан ұзап кетпеуге тырысады. Егер нысандар қашықта орналасқан болса, көпшілік қоғамдық көлікті пайдалануда.  

Осы ретте айта кетуіміз керек, 6 сәуірге дейін екі қаланың тұрғындары билік орынары берген арнайы рұқсат қағазымен ғана  сыртқа шығып жүр. Рұқсат қағаздарының арнайы түсі бар. Жұп күндері бір түске боялған рұқсат қағазы барлар көшеге шықса, тақ күндері келесілері сыртқа шығады.

Өскемен мен Семейде қоғамдық көліктер 6.00-ден кешкі 19.30-ға дейін халыққа қызмет көрсетуде.

Бүгінде қабылданған шаралар қос қалада көлік пен адам санын мейлінше шектеп, коронавирус инфекциясына таралмауына мүмкіндік беруде.

Тағы оқыңыз:

2-ші сәуірден бастап Өскемен мен Семейде не өзгереді?