Back

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  5 оқушысы бірдей Назарбаев Университетінен шақырту алды

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ілияс Кеңесхан, Арнұр Тазабеков, Сұлу Ынтымақ, Данабек Құрмет, Рукмини Байболова Назарбаев Университет студенті атанбақ.  Данабек Құрмет мектепте екінші шет тілі ретінде француз тілін оқып, болашақ мамандығын осы бағытпен байланыстыруды көздеген.

– Зияткерлік мектебіме алғысым шексіз, осы білім шаңырағында алған жан-жақты білім, көп мүмкіндіктер, SAT емтиханына берілген дайындық  мені осы күнге жетеледі,- деп ағынан жарылды Құрмет.

Байболова Рукминиде еліміздің үздік жоғары оқу орынына түсу бойынша өз пікірімен бөлісті: “10 сыныпта мен алдыма Назарбаев Университетіне түсемін деген мақсат қойдым. Және оған жетелейтін нақты іс-әрекет алгоритымын жасадым. SAT және ILETS емтихандарына дайындала бастадым, ал 11 сыныптан бастап дайындықты күшейттім,себебі олар бойынша талаптар өте жоғары болды.

Оқу мен дайындықты біріктіру оңайға түскен жоқ.Қазір сол  еңбегімнің бекер болмағанына көз жеткіздім. Еңбектенген адам өз шыңына жетеді. Мен оған кәміл сенемін». Рукмини әлеуметтік ғылымдар мен халықаралық қатынастарды таңдап отыр және Назарбаев Университеті жаңа мүмкіндіктер ашатынына, баға жетпес тәжірибе беретініне сенімді.