Back

Түркістан. Кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа шаралары енгізілді

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурызда №141 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» ҚР Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығын iске асыру бойынша салық саясатының мәселелері жөнiндегi шаралар туралы» Қаулысы енгізілгенін хабарлайды.

  1. 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне қосылған тауарларды өткізу айналымдарын жасаған және олардың импорты кезінде қосылған құнсалығының мөлшерлемесі 8% мөлшерінде белгіленеді.
  2. Қазақстан Республикасының аумағында экспортқа өткізілетін бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны бойынша акцизделетін тауарларды өндірушілер 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге акциз төлеуден босатылады.
  3. 2020 жылға туризм, қоғамдық тамақтандыру және қонақүй қызметтері саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті белгіленеді
  4. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері санатына жатқызылған салық төлеушілер үшін:
  • Барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімін 2020 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылады;
  • Тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, салық және кеден берешегін, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алушараларын және мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану 2020 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатылады;
  • Тәуекел дәрежесі жоғары салықтөлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай кезеңінде (2020 жылғы 15 наурыздан бастап 2020 жылғы 15 сәуір аралығында) туындайтын, «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салықкодексі) 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны орындау мерзімдері 2020 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылады;
  • Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу мерзімдерінің өтуі тоқтатылады, бұл ретте тоқтата тұру мерзімі тексеру мерзіміне кірмейді.

 

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

Тағы оқыңыз:

Түркістан облысы кірістер басқармаларының жұмыс кестесі