Back

Үндеу өркендеуге бастайды

Алматы облысы тәтті түбірдің отаны. Бүгінде құт дарыған мекенімізде екі бірдей қант зауыты жұмыс істейді. Бізді асырап отырған қант қызылшасы екені жасырын емес.

Аймақ халқы «ақ алтынға» теңейтін бұл өнімді эспорттау қамбаны қампайтып отыр.  Дайын затты алудың артында қара тер мен қызу еңбек жатқаны баршаға мәлім.

Еңбек табысты болуы үшін заман талабына сай жаңа технологияның күші де қажет. Бұдан біз кенде емеспіз. Осының барлығы Үкіметтің қолдауының арқасы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа Үндеуінде ауыл шаруашылығы саласына басымдылық бергені бізді қатты қуантты. Бұл өңір экономикасының дамуына ықпал ететіні анық.

Кешегі Үндеу халықтың үніне құлақ асатын мемлекет екендігінің айқын көрініс болды. Себебі, барлық назар қараша халықтың әлеуетіне аударылған.

Бұған дейінде аталған шаруашылыққа көңіл бөлінді соның арқасында гектарына  600 центнер өнім алдық. Бұл мемлекеттің сенімі мен қолдауының және ұлттың бірлігінің арқасында қол жеткізген табысымыз.

Президентіміздің бұл бастамасы кәсіпкерлердің ғана емес, барша елдің жағдайын жақсартуға арналғанын естен шығармайық!. Өңіріміздің өркендеуі де, агро аймақтың дамуы да елбасқарған азаматтардың игі істері арқылы жүзеге асуда.

Берік Тынышбаев, «Әлихан» шаруа қожалығының басшысы

Тағы оқыңыз:

Президент Үндеуі сарқандықтарға серпін берді