Back

Президент Үндеуі сарқандықтарға серпін берді

«Егін ексең-ебін тап, ебін тапсаң – жерін тап» деген қазақы тәмсіл бар. Бұл сөз Сарыарқаның сайын даласында, ащы терлерінің арқасында тәтті жемістерін көрген шаруашылық өкілдеріне қаратып айтылғандай. 

Жері құнарлы аймақ болса, ол – Алматы облысы. Бүгінде  аргарлы аймаққа айналған өлке де агро өнеркәсіптің тасын өрге домалатқандар жетерлік. Оның барлығы мемлекеттің меншік иелеріне деген қолдауының арқасы.

Күні кеше екінші мәрте халық алдына үндеумен шыққан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығына аса басымдылық бергенін атап өтті. Қазынадан қыруар қаржы бөлгені тек жеке тұлғаның емес, тұтастай аумақтың ахуалын жақсарту үшін жасалған жақсылық деп қабылдау қажет.

Мемлекет басышысының мәлімдемесі Жетісу жерінің айшығына айналған, сыры саусақпен санарлық жанға белгілі,  шарушылық иелерінің төбесін көкке жеткізді десе артық емес.  Оның ішінде фермерлер үшін жанар-жағармай бағасын 165 теңгеге төмендеткені аталған салаға ден қойылғанының айғағы емес пе?

Мемлекет тарапынан қолдау  барда, экономиканың негізгі тірегі болған ауыл шаруашылығы өркендейді.

Қалиасқаров Мейрамғали, Сарқан ауданының «Құрметті азаматы»

Тағы оқыңыз:

Жетісуда індет жұқтырғандар жайында ақпарат берілді