Back

“Асыл арман” тұрғын үй кешені толықтай карантинге жабылуы мүмкін

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты «Асыл арман» тұрғын үй кешені толықтай карантинге жабылуы мүмкін деп хабарлайды Dalanews.kz. 

«Облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасымен Қарасай ауданында орналасқан «Асыл арман« тұрғын үй кешеніне облыс әкімінің орыньбсары Батыржан Байжұманов пен облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов жолға шықты.

Олар сол жерде кешенді толық карантинге жабу мәселесін қарастырады.

Бұл жерде облыс әкімінің тапсырмасына сай, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, індеттің таралуына жол бермеу мәселесімен қатар кешен тұрғындарының қажеттілігі мәселесі талқыланады. Соңғы шешім қабылданған сәтте қосымша ақпарат беріледі»,- делінген облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде тұратын екі тұрғыннан коронавирус індеті анықталды.

Оның бірі 25 жасар аяғы ауыр келіншек, ал екіншісі 1959 жылы туған әйел. Осыған дейін дәл осы кешендегі №6 үйдің бір кіреберісі карантинге жабылғанын хабарлағанған.

Соңғы мәлімет бойынша Алматы облысында 9 адам коронавирус жұқтырған.

Тағы оқыңыз:

Өскемен мен Семей тұрғындары үйден шығу үшін ПИК-тен рұқсат қағазын алады

2-ші сәуірден бастап Өскемен мен Семейде не өзгереді?