Back

Жетісуда індет жұқтырғандар жайында ақпарат берілді

Жершарын жайлаған пандемия кең байтақ өлкеміздің қиыр шетіне де жетіп үлгерген. Өкініштісі олардың қатарына Алматы облысы да қосылды. Ең алғаш рет өңірімізде вирус – Сауд Арабиясынан елге оралған азаматтардан табылған болатын.

Қазіргі кезде науқастың жағдайы бір қалыпты. Оның тарапынан денсаулығына қатысты ешқандай шағым жоқ дейді жауапты мамандар. Алдағы күндері қайта сынама алынбақ. Егер зерттеу нәтижесі вирустың жоқ екенін дәлелдесе онда  науқас  ауруханадан шығарылатын болады.

Кезекті мәрте кеселдің аумағымызда асыр салуы 20 наурызда тіркелген еді. Дәл осы күні облыс бойынша инфекция жұқтырған үш азамат анықталған. Үшеуіде Нұр-Сұлтан қаласына келген әуе кемесінде болған. Олар Іле ауданындағы провизорлық бөліміне жатқызылып, кейіннен  талдау жасалған.

Эпидемияны жұқтырғандардың бірі 1957 жылғы әйел адам. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ербозымұлының айтуынша,  жағдайы жақсы, ем шараларының бәрі толығымен орындалып жатыр.   Келесі кеселдің кесапатын тартқан жан 1995 жылы туылған аяғы ауыр келіншек, жүкітлік  мерзімі 20-21 апта шамасында екен. Ол  1991 жылғы жолдасымен бірге  25 наурыз күні Нью-Йорк қаласынан Ресей арқылы елге оралған.

Екеуіде алғашқы да үй карантиніне жабылған. Кейін ер адам құрғақ  жөтел пайда болуына байланысты  медицина мамандарына шағымын жеткізген. Сол үшін оны провизорлық бөлімге жатқызған. Бір отбасы болғандықтан екеуіде барлық тексерістен өткеннен соң  ер адамнан вирус табылмаған.

Коронавирус келесі кезекте Жамбыл ауданының тұрғыны  1997 жылғы қыз баланы қақпанына түсірген. Аруымыз Оңтүстік Кореядан келген. Елге оралғаннан кейін оған сараптама жасаған, талдау нәтижелері өкінішке орай вирустің бар екенін көрсеткен.

Қазір науқас инфекциялық ауруханада сәйкесінше ем қабылдап жатыр.  Осымен індет ел ішін кезгенін доғарар деп ойлағанда 29 наурыз да Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында эпидемия етегіне жармасқан екі адам анықталды.

Бірі 1979 жылғы  Қарасай ауданының тұрғыны. Жолдасы Санк-Петербургтан оралған. Алғашқыда тұтас отбасын карантинге жапқан. Кейін жанұя мүшелеріннің бірінен дене қызуы көтерілуіне байланысты жедел-жәрдем қызметінің мамандарына қоңырау түскен. Тәртіп бойынша науқасты оқшаулап, отбасы мүшелерінен вирусты анықтау мақсатында сынама алынған. Сараптама қорытындысы әйел адамның бойында аты жаман аурудың бар екенін растаған. Ал, әке мен бала кеселден дін аман болып шыққан.

Тағы да тіркелген жағдай той тойлаудың кесірінен болып отыр.  Науқас  Өзбекстан  Республикасына қонаққа барған. Көршілес мемлекетке барғандар саны 14 адамды құраған. Олардың Алматы облысына бет алғандығы туралы Түркістан облысының жауапты мекемелері арқылы білген. Өңірге келген барлық 14  адамнан талдау алынған.  Нәтиже бойынша олардың ішінде біреуінің вирус жұқтырғаны мәлім болды.

Соңғы тіркелген науқас 1952 жылы өмірге келген Жамбыл ауданының тұрғыны.  Белгілі болғандай ол 17 наурызда Алматы  қаласындағы жеке емханада емделген.

Ауданға оралғаннан соң жағдайының нашарлауына байланысты жергілікті медициналық мекемеге қаралған. Ережеге сәйкес, денсаулығына шағымданған жанды оқшаулап, тексерген. Өкініштісі сол нәтиже оң көрсеткішті көрсеткен. Барша вирус анықталған адамдармен байланыс орнатқан жандарда тексерістен өткізілген.  Бақыттарына қарай олардың ағзаларынан індеттің ізі табылмаған.

Тағы да облыста бір адамның дерт жұқтырғаны анықталды. Оған қатысты мәліметтер тексерілу үстінде. Алдағы уақытта қосымша хабарлайтын боламыз.

Анар САБЫРОВА, Алматы облысы

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында шектеу шаралары күшейтілді