Back

Алматы облысында шектеу шаралары күшейтілді

Алматы облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Алматы облысы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 “Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы” Жарлығына сәйкес» қаулы қабылданды.

Бұдан әрі аудан, қала әкімдері, полиция департаменті және өзгеде қызметтер өңірде сондай-ақ, ішінде Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарымен шекаралас жерлерде қосымша санитарлық бекеттерді орналастыруы тиіс. Карантин уақыты аяқталғанша Алматы облысының аумағы бойынша, оның ішінде Алматы қаласының карантиндік аймағынан, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарымен шекарада жеке көлік құралдарының және адамдардың қозғалысын шектеуге құзырлы.

Қаулыға сәйкес, сауда үйлерінің, бизнес-орталықтардың, интернет және компьютерлік клубтардың, ойын-сауық мекемелерінің, базарлардың, жәрмеңкелердің, көше саудасының жұмысына тыйым салынып, меншік түріне қарамастан балабақшалар қызметін тоқтатуға, полиция постын орнатумен халық көп жиналатын орындарға (саябақтар, жағалау, спорт алаңдары,  ойын алаңдары) баруға шектеу қойатын болады. Бұл қатарда діни нысандар да бар.

Елдегі ахуалға байланысты облыста азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты 8-00-ден 20-00-ге дейін болады. Екінші деңгейлі  банктері, почта байланысы, жеке нотариустардың қызмет көрсету белдеуі  сағат 10-00-ден 16-00- аралығында болады.

Қаулы да қарттарға да көңіл бөлінген. Онда 65 жастан асқан азаматтардың көшеде жүруіне шектеу қойылып,  тамақпен және дәрі-дәрмектермен жеткізу қызметі  арқылы қамтамасыз ету қарастырылған.

Сақтық шараларын сақтауды алдыңғы орынға қойған биіктегілер бұдан былай тұрғындардың қоғамдық ортада жүруіне, үйге қонақ шақырып, отбасылық мерекелерді тойлауға шектеу енгізген. Және басты талап қоғамдық орындарда бетпердесіз жүруге болмайды.

Басты құжатта Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ербозымұлына да жауапкершілік жүктелген.

Ендігі де медицина қызметкерлерінің пациенттермен және коронавирустық инфекциясын жұқтырды деген күдікке ілінген азаматтармен қауіпсіз байланыс орнатуы керек. Және де медициналық қызметкерлердің денсаулығын сақтау және халықпен байланыстың алдын алу мақсатында, қызметкерлерді күнделікті дезинфекциялаумен арнайы көліктермен тасымалдау ұйымдастырылады.

Қаулы да шағын және орта бизнес субъектілері, өндірістік кәсіпорындар (қызмет көрсету станциялары, машина жуу, сұлулық салоны және т.б.), тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, жеке қорғаныс құралдарын, дезинфекциялық заттарды өндіретін кәсіпорындарды қоспағанда, қашықтықтан жұмыс режимін қамтамасыз етуі де назардан тыс қалмады.

Ескертетін жайт осы және өзгеде талаптарды орындамаған немесе бұзған жағдайда  Полиция департаменті және аудандық, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бөлімі Қазақстан Республикасының төтенше жағдай туралы заңнамасына сәйкес жедел шаралар қабылдауға құқылы.

Аталған  қаулы 2020 жылғы 31 наурыздан 1 сәуірге дейін 00.00-де күшіне енеді.

Анар САБЫРОВА, Алматы облысы

 

Тағы оқыңыз:

Алматы облысы: коронавируске қарсы қабылданған 10 шара