Back

Трамп пен Путин сөйлесті

Кремльдің хабарлауынша, 30 наурызда “америкалықтардың сұрауымен” Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп телефонмен сөйлесті.

Олар әлемде коронавирустың таралуынан туындаған мәселелерді талқылап, өз елдерінде жасалып жатқан шаралар туралы пікір алмасты.

Кремль сайтында жарияланған мәлімет бойынша, президенттер әлемнің мұнай нарығында қалыптасқан жағдайды талқылау кезінде Ресей-АҚШ консультациясын күшейтуге келісті.

Бұның алдында Трамп Ресей мен Сауд Арабясы арасындағы мұнай бағасына қатысты соғысты талқылайтынын мәлімдеген.

Fox телеарнасына берген сұхбатында Трамп: “Мен біздің ел тарихында Ресейге ең қатаң саясат ұстанған президентпін. Мен санкциялар енгіздім, оның әсері күшті”, – деді.

Тағы оқыңыз:

Жетісуда індет жұқтырғандар жайында ақпарат берілді