Back

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болды

Қызылорда облысының әкімі болып Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын» делінген Президенттің бұйрығында.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.

Бұған дейін Желіде Қуанышбек Ысқақов ұсталды деген хабарлама тараған болды.

Хабарламада экс-әкім, оның көмекшісі, бизнесмен туысы және тағы бір кәсіпкердің ұсталғаны туралы айтылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ.

Тағы оқыңыз:

Қызылорда облысының әкімі ұсталды