Back

Коронавирустан үшінші адам айықты

Бүгін Алматыда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған екінші пациент жазылып шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Пациент Алматыға 13 наурызға қараған түні Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген ер адам.

– Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру жеңіл түрде өтті. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Қазір ол емхананың медициналық қызметкерлерінің қадағалауында болатын 14 күндік үй карантиніне шығарылды, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, экипажды қоса алғанда, борттағы барлық 12 адам жұқпалы аурулар стационарына карантинге жатқызылып, оқшауландырылған.

Ертең, бақылау талдауы расталғаннан кейін тағы бір пациентті шығару жоспарлануда. Ол қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан 12 жасар қыз.

25 наурызда Алматыда коронавирустан екі адамның жазылғаны хабарланған болатын. “Екі емделуші коронавирустан жазылды. Қазір олар соңғы анализдерін тапсырып жатыр. Ертең ауруханадан шығады”, – деген еді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Тағы оқыңыз:

Алматыда коронавирус ошағының саны 20-ға жетті