Back

Димаш пен Тасмағамбетов індет жұқтырған Лещенкомен бірге болған

Ресей баспасөзінде кезіндегі танымал әнші Лев Лещенконың коронавирус жұқтырып, ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат пайда болды, – деп хабарлайды zakon.kz.

Лев Лещенко ауруханаға түсер алдында екі күн бұрын Мәскеуде шығармашылық және саясат әлемінің игі-жақсыларымен әбден шүйіркелесіпті.

Алдымен атышулы Малаховтың шоуында болып, одан кейін Игорь Крутойдың қарындасының туған күнінде думандатқан.

Ол кешке шақырылғандардың арасында ресейлік шоу-бизнес жұлдыздарын айтпағанда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген, Иманғали Тасмағамбетов, тіпті РФ президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа дейін болған.

Бүгін РФ президентінің баспасөз қызметі «Путин әкімшілігінде коронавирус жұқтырды деген күдікті шенеунік табылғанын» растады.

Тағы оқыңыз:

Отаншыл азамат 10 млн теңге бөлді