Back

Қазақстанда коронавирустан бір адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір адам көз жұмды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz. 

“Құрметте жерлестер, шұғыл брифинг өткізуге мәжбүрміз.

Өкінішке орай бүгін коронавирус бір адамның өмірін жалмады. Марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл өте ауыр қайғы, бұл қаза барлығымызға аса ауыр соққы.

Ертең бұған қатысты Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы егжей-тегжейлі мәлімет береді. Бұл қаза коронавирустың қаншалықты қауіпті екенін дәлелдеп отыр. Бүгінгі ахуал барлығымыз үшін сынақ.

Дәрігерлердің оқшаулану, байланысқа түспеу, карантин мен төтенше жағдайды сақтау туралы барлық талаптары мен нұсқауларын орындау қажет”, – деді Дәурен Абаев “Хабар 24” арнасының тікелей эфирінде.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 21:00-дегі жағдай

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Қарағанды қаласында тіркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам,

Алматы қаласында – 40 адам,

Қарағанды қаласында –  4 адам,

Шымкент қаласында – 2 адам,

Алматы облысында – 1 адам,

Ақтөбе облысында – 1 адам,

Жамбыл облысында -1 адам,

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам

Әзірге жалпы саны 111 науқас тіркелді.

Тағы оқыңыз:

Абаев: “42 мың теңге? Жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін дейін өтемақы алады”

Алматыда коронавирус жұқтырған науқас ауыр жағдайда жатыр