Back

Коронавирус жұқтырған азамат Нұр-Сұлтаннан Шымкентке автобуспен келген

Науқастың жағдайы – орташа ауыр, тыныс алуы қиындаған.

Шымкентте COVID-19 диагнозы қойылған алғашқы жағдай туралы кеше хабарланған болатын. Оның 24 жастағы жігіт екені белгілі болды, ол 20 наурыз күні Нұр-Сұлтаннан Шымкентке автобуспен келген, деп хабарлайды dalanews.kz. 

Науқастың жағдайы – орташа ауыр, тыныс алуы қиындаған. Ол Шымкенттегі инфекциялық ауруханасында жатыр.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирустық инфекцияның 79 жағдайы расталды.

2020 жылдың 25 наурызында сағат 09: 40-та Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның тағы бес, Алматыда екі жағдайы тіркелді.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирустық инфекцияның 79 жағдайы расталды, оның ішінде:

Нұр Сұлтанда – 41,

Алматыда – 31,

Қарағандыда – 2,

Алматы облысында – 1,

Ақтөбе облысы – 1,

Шымкент қаласында – 1,

Жамбыл облысында – 1,

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 жағдай.

Тағы оқыңыз:

Біртанов: “Коронавирус сәуір айында өршиін деп тұр”