Back

Ангела Меркель карантинге жатқызылды

Германия канцлері Ангела Меркель COVID-19 вирусын жұқтырған дәрігермен қарым-қатынас жасаған соң карантинге жатқызылды, – деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұл туралы канцлердің ресми өкілі Штеффен Зайберт мәлімдеді.

– Жұма күні аталмыш дәрігер канцлерге пневмококк инфекциясына қарсы екпе жасаған болатын. Кейіннен ол коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тестілеуден өткен, сөйтіп оның қатерлі індетті жұқтырғаны белгілі болды. Бұл жағдай бүгінгі баспасөз конференциясынан кейін канцлерге хабарланды, – дейді Зайберт.

Оның айтуынша, канцлер тез арада үй карантиніне оқшаулану жөнінде шешім қабылдаған. «Ол алдағы бірнеше күн бойы тексеріліп, ұдайы бақылауда болады. Өйткені қазіргі сатыда тестілеу нақты нәтиже көрсетпеуі мүмкін» деп атап өтті канцлердің ресми өкілі.

Ангела Меркель карантинде жатса да, өзінің қызметтік міндеттерін атқара береді.

Тағы оқыңыз:

Сенатор: «Көпбалалы отбасыларда компьютер, ноутбук бар ма екен?»