Back

Сенатор: «Көпбалалы отбасыларда компьютер, ноутбук бар ма екен?»

Наурыз мерекесі қарсаңында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, белгілі қаламгер Нұртөре Жүсіп өзінің Фейсбук парақшасында еліміздегі кәсіпкер азаматтарға тамаша ұсыныс айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Сенатор коронавирусқа баланысты еліміздегі оқушылардың бәрі бірдей онлай режимде сабақ оқи алмай қалуы мүмкін екенені алаңдапты.

– Мектеп оқушылары мен студенттерді қашықтан оқытамыз деп жатыр. Көптеген отбасы үйінде компьютер, ноутбук деген жоқтың қасы. Бар болса үйдегі бірнеше бала таласады…

Әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін өте қиын. Осындай жағдайда қалталы қазақтар мұқтаж отбасыларға бір-бір компьютерден сыйға тартса, Наурыз мерекесіне тамаша тарту болар еді! – деп ойын ортаға тастапты.

Иә, Нұртөре Жүсіп айтқандай қазір екінің бірінде планшет, смартфон болмауы мүмкін. Тіпті, пәтер жалдап тұратын кейбір үйлерде ғаламтор да болмауы мүмкін ғой. Ал мұны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ойлады ма екен? Біздіңше, онлайн оқу ойланбай қолға алынған шаруа секілді.

Тағы оқыңыз:

Ангела Меркель карантинге жатқызылды