Back

Коронавирусқа байланысты “Нұр Отанның” жиыны өтпейтін болды

Назарбаевтың төрағалығымен өтпек болған Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы кейінге қалды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты.

“Коронавирус инфекциясының таралуы қаупіне байланысты енгізілген шектеулерді ескеріп 2020 жылдың 18 наурызына жоспарланған Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтпейді” – деп жазды ол Твиттерінде.

Осы жиында Nur Otan партиясынан Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауалды партиялық тізімдеріне кандидаттар анықталады деп жоспарланған.

Бұдан бұрын Nur Otan коронавирусқа байланысты қоғамдық қабылдауды уақытша тоқтатқанын мәлімдеген.

Dalanews.kz соның алдында Nur Otan-ның отырысы өтпеуі мүмкін деген болжам жасаған.

Саяси бюроның құрамына мына азаматтар кіреді:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Президент;

Дариға Назарбаева, Сенат төрағасы;

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы;

Асқар Мамин, Үкімет басшысы;

Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары;

Әсет Исекешев, президент уәзірі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;

Марат Тәжин, Қазақстанның Чехиядағы елшісі;

Наталья Годунова, Есеп комитетінің төрағасы;

Дархан Қыдырәлі, “Егемен Қазақстан” газеті басқарма төрағасы;

Александр Павлов “Қазақстан Ұлттық банк” директорлар кеңесінің төрағасы;

Дәулет Кәрібек, Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы.