Back

Әкім алюминий зауытының табиғатты қорғау жобаларымен танысты

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов алюминий және электролиз зауыттарына барып, алюминий өндірісінің технологиялық процесімен және кәсіпорындардың табиғатты қорғау жобаларымен танысты.

Бүгінде кәсіпорынның пісіру цехындағы зиянды затттардың көлемін азайту үшін жалпы құны 10 млн долларды құрайтын неміс технологиясы бойынша жасалған екі жаңа электр сүзгілерін орнатуды жоспарлап отыр.

Бірінші сүзгі осы жылдың ақпан айында орнатылды. Қазірдің өзінде ол жоғары нәтижелер көрсетіп, әр шаршы метр жерден 50 мг қалдық тозаң жинайды.

Жоба бойынша кәсіпорынның негізгі көздеріндегі өндірістік қалдықтарды мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін іске қосу жоспарланып отыр. Мұндай жүйе алюминий зауытының санитарлық-қорғау аумағында жұмыс істеп тұр.

Еуразиялық топ компанияларының барлық қызметкерлері осы жүйенің деректерін көре алады. Әбілқайыр Сқақов Павлодар қаласының тұрғындарына жүйедегі деректермен танысу мүмкіндігін беруді сұрады.

Ең алдымен мониторинг жүйесінің деректерін қала көшелеріндегі LED-экрандарда көрсетуге болады. Кәсіпорын басшылығы бұл мүмкіндікті қарастыруға уәде берді.

Облыс әкімі «Қазақстан алюминийі» АҚ-ың гидрометаллургиялық цехына да барды. Қазақстан электролиз зауытында Әбілқайыр Сқақов бастапқы алюминий алынатын алюминий электролизінің цехында болды.

Тағы оқыңыз;

Павлодар су тасқынына қаншалықты дайын?