Back

Мұнай бағасының құлдырауы теңге бағамына әсер етті

Қазір еліміздегі ақша айырбас пунктерінде бір доллар 398 теңгеге бағалануда.

Жұма күнгі биржада доллар құны 382,22 теңге болған, ал Ұлттық банктің 9 наурызға белгілеген ресми бағамы – 382,05 теңге.

Дүйсенбіде Ресей рублі де 2016 жылғы рекордтық деңгейіне түсіп, бір доллар 72,72 рубль болды. Ашық саудадағы алтын бағасы да 20 пайызға түсіп кетті.

Өткен аптаның соңында Венада ОПЕК, Сауд Арабиясы және Ресей мұнай бағасын ұстап тұру үшін өндірісті азайтуға қатысты келіссөз жүргізген. Бірақ Венадағы жиында тараптар келісе алмады. Кремль ОПЕК ұсынысын қолдамады. Одан соң Сауд Арабиясы «баға соғысын» бастап, өзі өндіретін мұнайға жеңілдік жариялады.

9 наурызда Brent маркалы мұнай барреліне 36 доллардан сатылып жатыр. 2014 жылғы сауда соғысы кезінде бұл бренд бағасы 30 долларға дейін құлдыраған.

Тағы оқыңыз: 

Бердімұхамедов тұтас түркіменді велосипедке мінгізбек