Back

Халықтың қалтасын қаққан «Гарант-24» ломбардтың басшысы ұсталды

27 ақпан «Гарант-24» ЖШС және «Выгодный займ» қаржы пирамидаларының құрылтайшылары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстандық полицейлер «Гарант-24» ЖШС басшысы Аслан Мырзабековтың ізін аңдып отырған.

Ол 21 қаңтарда ол Ақтөбеден Орынборға шығып, одан әрі Мәскеуге ұшып, сол жерден пойыз арқылы Кишинев қаласына жол жүрген.

Қазақстандық тараптың арнайы сұранысы бойынша Мұрзабековты молдавиялық полицейлер қолға түсірген.

Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылуда, тиісті материалдар Молдова құзыретті органдарына жіберілетін болады.

Сонымен қатар, кеше Қазақстан мен Ресей шекарасында «Выгодный займ» ЖШС құрылтайшысы Жанболат Есіркепов ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Осылайша, бүгінгі күні іс бойынша 16 күдікті қамауға алынды, тағы 9 ломбардтағы басшы іздестірілуде.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтардың «Гарант 24 Ломбард», «ESTATE Ломбард» және «Выгодный займ» ЖШС иелеріне қатысты өтініштері бойынша алаяқтық және қаржы пирамидаларын құру фактілеріне қатысты полиция 22 қылмыстық істі тергеуде.

Тағы оқыңыз:

Желіде көмекке мұқтаж жанға ақша берген оқушы қыздың кім екенін білесіз бе?