Back

Желіде көмекке мұқтаж жанға ақша берген оқушы қыздың кім екенін білесіз бе?

Бүгін әлеуметтік желіде құйтақандай қыздың әмиянын ашып, ақшаға мұқтаж ер адамға қаржат берген видеосы қызу талқылануда.  Tengrinews.kz сайтының жазуынша, оқиға Ақтау қаласында орын алған.  

Мектеп оқушысы ата-анасының тамаққа деп берген ақшасынан үнемдеген аздаған тиын-тебенін көше бойында қайыр сұрап тұрған егде адамға беріп жатқаны белгісіз видосы әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Осылайша құйтақандай қыздың қайырымдылық әрекеті желіде отырған миллиондаған адамның жүрегін елжіреткені белгілі.

Жергілікті журналистер Ақтау қаласы білім бөлімінің көмегімен қайырымдылық жасаған қызды іздеп тауып оның Ақтау қаласындағы №5 мектептің 2 сыныбында оқитын Сабина есімді қыз екенін анықтапты.  

– Біз үлкен отбасында тұрамыз. Шаңырағымызда әке-шешем және бес бала бар. Біздер көмекке мұқтаж жандармен қолымызда барымызбен ылғи бөлісіп тұрамыз. Соны қызым көріп өсті. Ол видиоға түсіп қалған сәтінде көмекке зәру ер адамға 70 теңге берген айтты, – дейді Сабинаның анасы Динара Қарабалина.

Қайырымды қыздың анасы Сабина планшет алуға ақша жинап жүргенін де тілге тиек еткен.

– Біздің үйімізде тиын жинайтын арнайы құты бар. Соған бәріміз мүмкіндігінше тиын-тебен салып тұрамыз. Әр айдың соңында құтыға жиналған ақшаны көмекке мұқтаж жандарға немесе мешітке апарып береміз,  – дейді Динара Қарабалина. Отбасында осындай тәрбиені көрген Сабинада көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруге даяр тұрады екен.  

Өз кезегінде Сабина білім алатын №5 мектептің директоры Алмажай Райымбердиева Сабинаның әрекеті барша балаға үлгі-өнеге болатынын айтты.

Тағы оқыңыз: 

Назарбаева: “Ауылдағы ағайынды ұмыттық. Олар кедей тұрады”