Back

Димаш 2020 жылдың ең көрікті жігіті атағын алуға қатысуда

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген TC Candler 100 Most Beautiful list тәуелсіз сарапшылары нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең көрікті ер адамы атағына ұсынылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы сәтте Димаш аталған рейтингінің инстаграм-аккаунтында 6,5 мың лайк жинап үлгерді.

Айта кетейік, ел атынан бақ сынап жатқандардың ішінде Димаш жалғыз емес. Бұл додаға MadMen Q-Pop тобынан Рахат Масақбай, Ninety One тобынан Азамат Ашмақын және әнші Ziruza қатысып жатыр.

TC Candler ойын-сауық платформасы жыл сайын әлемнің 100 ең көрікті ер және әйел адамын таңдайды.

 

Тағы оқыңыз: 

Әкім Жаркентте Қытайдан келген азаматтарға арналған оқшаулау орыны жұмыс істеп жатқанын айтты (видео)