Back

Мамытбековтің мәліметі өтірік екен. Ет неге қымбаттағаны белгілі болды

Елімізге шетелден импортталатын ет өнімінің көлемі экспортқа қарағанда 10 есе көп. Оның ішінде сиыр етінің импорты экспорттан 5 есе асып түскен. Бұл туралы Статистика комитетінің дерегіне сүйеніп Dalanews.kz хабарлайды. 

Статистика комитетінің мәліметінше 2019 жылы Қазақстан шетелге 22,6 мың тонна түрлі ет өнімдерін тасымалдаған. 

Алайда дәл осы аралықта 203 мың тонна етті сырттан сатып алыппыз. 

Сиыр етінің экспорты небәрі 5 мың 571 тоннаны (оның ішінже 1608,6 тонна балғын және салқындатылған ет, 3962,4 мұздатылған ет) құраған.  

Сиыр етінің импорты ше, оның көлемі қандай? 

Былтыр біздің ел 25 мың 823 тонна сиыр етін (оның ішінде 9900,6 тонна балғын және салқындатылған ет, 15922,4 тонна мұздатылған ет) импорттаған. 

Ілгеріде айттық сиыр етінің импорты экспорттан 5 есе асып түскен

Айтқандай бұған дейін экс-Ауыл шаруашылығы министрі, әзір еліміздің Ет одағын басқарып отырған Асылжан Мамытбеков өткен айда ғана ет экспортын асыра орындадық деген.  

“Иә, қазақстандық ет экспортының көлемін арттыруға қатысты міндетті асыра орындадық. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ет экспорты 63 мыңнан тоннадан асып жығылды”, – деген еді Ет одағының төрағасы.

Мамытбеков бұл мәліметті қайдан алды екен, сол қызық?.. 

 Айтпақшы Ауыл шаруашылығы министрілігін басқарған тұста “Қазақстанда импортталған ет жоқ” деп мәлімдеген де осы кісі. 

“Біздің ішкі нарық толық. Біреулер неге ана-мына жақтан импортталады дейді… Сөрелерде импортталған ет жоқ – осыны түсіну керек. Егер импортталса, ол технологиялық мақсатта ғана: консервілерге, сосискаларға, шұжықтарға және тағысын тағы”, – деген еді Мамытбеков мырза.

Ал өз нарығымыздағы етті “елге емін-еркін жетеді, тіпті тым артық” деп түсіндіріп, осы себепті де экспортқа шығарғанын айтқан.

Содан да болар елімізде ет бағасы шарықтап барады. Қаңтар айының өзінде сиыр және қой етінің келісі 16-17 пайызға қымбаттаған. Жылқы және тауық етінің бағасы 14,5 пайызға өскен. 

Агроөндіріс кешені еліміздегі Үкімет басым көңіл бөлетін саланың бірі. Осы мақсатта 2017-2021 жылдарға арналған мем.бағдарлама қабылданған.

Агроөндіріс кешенін дамытуға жыл сайын шамамен 116 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде 60 млрд теңге асыл тұқымды мал шаруашылығына, 56 млрд теңге мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге бағытталады. 

Әзірлеген Думан БЫҚАЙ

Т

 

Статистики разоблачили ложь Асылжана Мамытбекова

Дереккөз: EnergyProm

Тағы оқыңыз:

Өзбекәлі Жәнібеков Алла Пугачеваны қазақ жеріне неге келтірмеді?