Back

Қордайдағы жанжал: полицейлер дұнғандардан ақша бопсалаған ба?

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері Қордай ауданы Масанчи ауылының тұрғынынан полицейлер 100 мың теңге бопсалады деген ақпаратты тексерді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

“Бұл дерек тексерілді, расталмады. Тексеріп, оқиға қатысушыларының барлығынан жауап алдық, оның үстіне видеобақылау камерасындағы барлық жазбаны қарап шықтық. 100 мың теңге бопсалады деген мәлімет расталмады”, – деді ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды.

Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған.

Бұл оқиғаның алдында әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындардың полицейлермен жанжалдасқаны түсірілген видео пайда болған.

Сол видеода ер адамның полицейді 100 мың теңге бопсалады деп айыптағаны естіледі.

Тағы оқыңыз:

Бақауовтың орынбасары Мәминнің жанына кетіп қалды