Back

Гүлжан, сіздің халық атынан сөйлеуге хақыңыз жоқ!

Ерғалиева ханым, біз емес, керісінше дүнгендер ақсақалымызға қол көтеріп, еліміздің заңына  бағынбай, полицияға қарсы келіп, шу шығарғандары үшін мемлекетті құраушы қазақ ұлтынан кешірім  сұрауы тиіс!

Сіздің не сасқаныңыз «кешірім сұрап», әлде бүлікті, арандатуды бастаған  сіз бе?

Сіздің мына еш себепсіз кешірім сұрау турасында айтқан ойыңыз бір анекдотты еске түсіріп отыр.

Аласа бойлы, кішкентай денелі қазақ өз үйінде сыртқы есікті ашып қойып, кіреберіс дәлізде еңкейіп аяқ киімінің бауын байлап жатса, артынан келіп майлы құйрықтан бір тепкен ғой. Содан әлгі қазақ «үйдің қожайыны өзім, кім артымнан теуіп, мені өз шаңырағымда» деп ашуға булығып артында тұрған  адамның жағасына жабыса кетсе, ол қарсы үйдегі ұзын бойлы, спортшы орыс екен.

Сонда құқайдан көз ашпаған қазақ сасып қалып  жағасынан қолын  жібере  салып, «Құйрығым аяғыңызға тиіп кеткені үшін кешірім  сұраймын» депті. Бұл тек күлкілі әңгіме, ал сіз Гүлжан Ерғалиева дәл осындай жағдайды өмірде  қайталап, елге күлкіге қалдырып тұрсыз!

Гүлжан апа, Қазақ халқы дүнгендерден не үшін  кешірім сұрауы керек?!

Әлде анекдоттағыдай, «Ақсақалымыздың басы сендерге тиіп кетіпті, кешіріңдер» дейміз бе?!

Сіз халық атынан сөйлемеңіз. Қазақ халқының атынан сөйлеуіңіз үшін ең құрмағанда қазақ тілін білуіңіз керек. Жұрт сіздің қазақ тілін білмейтініңізді жақсы біледі. Демек сіздің халық атынан бір ауыз сөз айтуға хақыңыз жоқ.

Дүнгендерге жаныңыз ашыса отбасыңыз болып тікелей эфир арқылы дүнгендерден кешірім сұрай  беріңіз! Бұл іске елді араластырмағыз.

«Қазақ халқы дұнғандардан кешірім  сұрауы керек» деп айтқаныңыз  не сасқаныңыз? Сіздің бұл ойыңызбен келіспейміз. Осы сөзіңізбен мемлекетті құраушы, яғни, титулдық ұлт қазақ халқының  беделін түсіріп, намыс аяққа таптап тұрғаныңызды білесіз бе?

Өйткені,  Қордайдағы қақтығыстың басталуына  түрткі  болған қазақ халқы емес, керісінше дүнгендер екенін бәріміз жақсы білеміз.

Талғат  ҚАТАУОВ, Тәуелсіз кәсіподақтар ұйымы төрағасы.

Орал қаласы.

Тағы оқыңыз:

Гүлжан Ерғалиева: “Дұнған диаспорасынан кешірім сұрауымыз керек”