Back

Дұнған депутаты: “Біздің басқа барар жеріміз жоқ”

Әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Шакир Хахазовтың Қордайдағы дүнген диаспорасының өкілдерімен кездесу кезінде сөйлеген сөздері тарап жүр деп хабарлайды Dalanews.kz Abai.kz сайтына сілтеме жасап.

8 минуттық бейне жазбадағы депутат Хахазовтың өз қандастарына қатты-қатты сөйлепті. Видоеодан шағын үзінді ұсынамыз.

Тәртіп бұзушылық көп. Заңсыздық та аз емес. Оны жасырмаймыз. Бүгін комиссия мүшелеріне де осыны айттым. Бұл мәселе осы жолы біздің басымызға түсті. Бұл басқа жақта да болуы мсүмкін еді. Анау жол полициялары өздерін қалай ұстайтынын барлығыңыз жақсы білесіздер. Олар ұлтқа бөлмейді. Барлығынан алады. Бірақ, сіздер өздеріңіздің құқықтарыңызды, сіздердікі дұрыс екенін дәлелдеулеріңіз керек еді ғой.

Біріншіден, ешкімді ұрмай-соқпай, мүгедек етпей, басын сындырып, көзін шығармай… Сосын полицияға қол көтермеулеріңіз керек еді.

Бұл заң. Түсіріп алдыңыз ба, жазып алдыңыз ба, маған беріңіз. Проблема болмайды. Неге провокация жасадыңыздар. Барлығы айтып жатыр, олар провокация жасады, 100 мың теңге, деп. Әдейі жасады деп жатыр. Қол көтергенсіздер. Бұл дұрыс па? Айтыңыздаршы. Міне, барлығы осыдан басталды.

Мұғалімдерді ұру… Аухатыда бетімізге басып жатыр. Дүнгендер мұғалімдердің бетіне түкіріп, құрметсіздікпен қарайды, дейді. Жалақысын алып отырған адам деп оларды мүлде құрметтемейді, дейді. Қоқыстарын оңды-солды шашады, дейді. Сондай ақылды боп кеттік пе? Мен депутатпын. Сөйте тұра, кетіп бара жатып, жолдағы темекі қалдықтарына дейін жинап жүремін. Өмір бойы солай жасап келемін.

Сондықтан, ақсақалдар, сендерден сұраймын. Менің өзім 62-демін. Сонда да сендерге ақсақал деп айтып отырмын. Бауырларым, түсініңдерші… Біз Қазақстанда тұрамыз. Біздің басқа барар жеріміз де жоқ.

Тағы оқыңыз:

Тоқаев қатысатын Мюнхен конференциясында Ресей агрессиясы сөз болады