Back

Bek Air. «Билеттің құнын қайтарсын!»

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Bek Air уомпаниясы «Жолаушылардың билет құнын қайтарсын» деп сотқа арыз берді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Аталған комитетке 20 адам шағымданған. Олар компанияның қызметін пайдаланып, сапарға шықпақ болған жолаушылар. Бірақ «Бек Эйр» қызметінің тоқтатылуына байланысты межелі жеріне жете алмай қалған.

Ал компанияның оларға билет құнын қайтарумен шаруасы болмапты. Сондықтан жолаушылардың арызы бойынша комитет қаңтардың 31-і күні сотқа 444 434 теңге шығынын өтеп беру жөнінде шағым түсірген.

– Тұтынушылар 10 адамнан асқан жағдайда біз сотқа шағымдана аламыз. Сол жағдаймен бізге бүгінгі күнде 20 шақты тұтынушы шағымданды. Сол шағымын қосып, сотқа бердік, – деді Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Ахметов.

Ербол Тұрымбет

Тағы оқыңыз:

Bek Air басшысы журналистерден неге қашты?