Back

Димаш Евровидение байқауына Ресей атынан қатыспайтынын кесіп айтты

Әнші Димаш Құдайберген Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы ұсыныстарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысамын. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын, – деп жазды әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Ол халықаралық аренада өз Отаным – Қазақстан атынан ғана шығатынын жеткізді.

– Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол менің Отаным – Қазақстан! Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет. Менің «Арнау» атты жеке концерттік турнемде кездескенше!, – дейді Димаш.

Айта кетейік, Димаш алдағы үш айда Еуропаның 11 қаласында жеке концерт береді.

Т

ағы оқыңыз:

 

Тоқтар Әубәкіров: «Алдыңа мақсат қоймасаң, өмір бойы адасып өтесің»