Cоңғы жаңалықтар
Back

Помпео: “Орта Азия ешкімнің вассалы болмауы керек”

Орта Азияны аралап қайтқан АҚШ-тың Мемхатшысы Майк Помпео сөй дейді. 

Азаттыққа сұхбат берген Помпео Американың Орта Азияға қатысты көзқарасын ортаға салыпты.

“Біз Орта Азияның гүлденгенін қалаймыз.

Осы аймақтағы әрбір ел тәуелсіз әрі ешкімге алақан жаймайтын, ешкімге тәуменді емес, ешкімнің вассалы болмайтын егемен, еркін мемлекет болғанын қалаймыз.

Аймақта 5 мемлекет өзіне тән мәдени-рухани кеңістігін кеңейтіп, өз азаматтарының еркіндігі мен дамуына жол ашқанын қалаймыз. Дәл қазір дәл осы бағытта жұмыс істеудеміз. Осы мақсатта АҚШ-тың тарапынан қаражат бөлінеді және аймақта әрі қарай да қала бермекпіз”, – деді Майк Помпео.

Ақ үй Еуразиялық одақтың түпкі мақсаты келмеске кеткен Қызыл империяны қайта тірілту екенін талай мәрте айтқан. 

Күні кеше Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстанның аталған одаққа мүше болмайтынын айтты.

“Бізді ешқандай ел ешқашан тәуелсіздікті айыра алмайды. Тәуелсіздік халық сенім артқан президенттің қолында. Біз Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болмаймыз”, – деді өзбек басшысы.

Тағы оқыңыз:

Мирзияев: “Шенеуніксің бе? Қандай үйде тұрасың, көлікті қайдан алдың?”